375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт өзгереді

  • 349
  • UPD: 12:25, 23.01.2019
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт өзгереді egemen.kz

Отандық синоптиктер 24-26 қаңтар аралығына ауа райы болжамын таратты.

Мамандардың хабарлауынша, циклон мен антициклондардың бірінен соң бірінің тез ауысуына байланысты Қазақстанның батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының күрт ауытқуы күтіледі.

Ал циклонмен байланысты атмосфералық фронттармен қар, бұрқасын және батыстан қатты  жел күтіледі.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа температурасының күрт ауытқуы күтілмейді, бірақ атмосфералық фронттармен бұл аймақтарда жылбысқы қар, таулы аймақтарда қалың қар, көктайғақ және тұман күтіледі.

Телеканал Хабар 24