378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 491
  • UPD: 17:16, 24.01.2019
Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды tilshi.kz

Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» болжамы бойынша үш облыста күшті жел соғып, тұман мен көктайғақ күтіледі.

25 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Күндіз көктайғақ болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Актобе қаласында күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күші 18 м/с болуы мүмкін.

25 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін күтіледі.

Орал қаласында 25 қаңтарда бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Таңертең және күндіз 25 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында таңертең және күндіз 25 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін болады.

Телеканал Хабар 24