378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

СҚО-да қыс қаһарына мінді

  • 351
  • UPD: 13:15, 28.01.2019
СҚО-да қыс қаһарына мінді

Солтүстік Қазақстан облысында да қыс қаһарына мініп, сары аяз сақылдап тұр.

Сынап бағанасы бүгін түнде кей жерлерде -35 градусқа дейін төмендеген. Осыған байланысты жол сақшылары мен құтқарушылар қалааралық және облыстық жолдарды қатаң бақылауға алды. Мамандар бұл күндері алыс жолға шықпауға кеңес береді. Өйткені синоптиктердің мәліметінше, Ресейдің батысынан жеткен антициклон әлі бірнеше күнге жалғасуы мүмкін. Ауа райының күрт суытуына байланысты 1-11 сынып аралығындағы оқушылар мен колледждің бірінші және екінші курс студенттері үшін сабақ тоқтатылды.

Айгүл Оспанова, облыстық білім басқармасының бас маманы:

- Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазгидромет» мекемесінен өткен жұма күні дабылды ескерту жариялаған болатын. Соның негізінде біз мектептерге арнайы хабарландыру жосадық. Бүгінгі күні барлық мектептерде сабақ тоқтатылды. Мұндай ауа райы ертең де сақталады деген болжам бар.

Телеканал Хабар 24