378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Бірыңғай жиынтық төлем қалай төленеді?

  • 536
  • UPD: 17:10, 29.01.2019
Бірыңғай жиынтық төлем қалай төленеді?

Ағымдағы жылдың қаңтарына дейін шамамен 3 мыңға жуық бірыңғай жиынтық төлем төленді.

Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

БЖТ-ны екінші деңгейлі банктер (Халық банк, Форте банк, Цесна банк, Kaspi bank, Шинxан банк, Банк Центр Кредит) және «Қазпошта» бөлімшелері арқылы ЖСН тере отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының банктік есеп шотына аударуға болады.

Өз кезегінде Мемлекеттік корпорация аударылған әлеуметтік төлемдерді (МӘСҚ, БЖЗҚ, ӘМСҚ) және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджет салығына үлестіреді.

Бүгінде 3 мыңға жуық төлем төленді. БЖТ-ны онлайн түрде төлеу мәселесі де шешілген.

Қазіргі таңда бұл меxанизм сайт арқылы және «Қазпошта» АҚ терминалдары (https://post.kz/Finance/payment/foms/cumulative/pay), сондай-ақ Каспий банктің мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асуда.

Бұл орайда онлайн-төлемді «e-Gov» арқылы төлеу ақпан айының соңына дейін енгізілетін болады.

Мобильді қосымшалар арқылы төлеуді өзге екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асыру мәселесін банктердің өзі талқылап жатыр.

Телеканал Хабар 24