375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Astana LRT: Астана маңына қатынайтын автобустарға шектеу енгізілуі мүмкін

  • 419
  • UPD: 17:13, 31.01.2019
Astana LRT: Астана маңына қатынайтын автобустарға шектеу енгізілуі мүмкін astana.gov.kz

Елорданың маңындағы елді мекенге қатынайтын қоғамдық автобустардың қозғалысына шектеу енгізілуі мүмкін.

«Ауа райының нашарлауына байланысты барынша абайы болуларыңызды және сапарларыңызды алдын ала ойластырып, мүмкіндігінше кеш қалып қоймауларыңызды сұраймыз.  Мектеп оқушыларының ата-аналарын балаларыңыздың оқу орындарынан үйлеріне уақытында оралуына мұқият болуларыңызды өтінеміз. Сондай-ақ ауа райының нашарлауына байланысты қаламаңы бағдарлардың қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін», - деп атап өтеді компаниядан. Таратылған мәліметке сай автобус бағдарлардың жүру кестесіндегі өзгерістер туралы хабарламалар Астана LRT ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады.

Ақпарат көзі: inform.kz

Телеканал Хабар 24