378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Елімізде алдағы демалыс күндері 42 градусқа дейін аяз болады

  • 544
  • UPD: 12:18, 01.02.2019
Елімізде алдағы демалыс күндері 42 градусқа дейін аяз болады 1RRE

Синоптиктер 2-4 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазгидрометтің» болжамы бойынша алдағы демалыс күндері республиканың басым облыстарында қатты аяз күтіледі.

«Температураның жоғарылауына, республиканың басым облыстарында қардың жаууына және бұрқасынның соғуына ықпал еткен оңтүстік циклон Алтайға қарай жылжыды. Ал, Қазақстанға Кар теңізінің орталығында орналасқан суық антициклон таралып, соның салдарынан еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында минус 35...42°, оңтүстікте кей жерлерде минус 15-22° дейін аяз болады. Бірақ, Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан кезекті циклон жексенбіде аязды әлсіретеді. Қар жауып, бұрқасын және республиканың басым облыстарында екпінді жел соғады», - делінген хабарламада.

Телеканал Хабар 24