378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

ШҚО-дағы Омбы – Майқапшағай жолы ашылды

  • 370
  • UPD: 10:30, 02.02.2019
ШҚО-дағы Омбы – Майқапшағай жолы ашылды

Шығыс Қазақстанда Омбы – Майқапшағай бағытындағы жол ашылды.

Түні бойы аршылған жол қардан тазартылып, жолаушылар сапарларын жалғастыруға мүмкіндік алды. Тек олардың кейбірі сол маңдағы қонақүйлерде түнеп, таңертең ғана жолға шыққан.

Естеріңізге салсақ, кеше түнде аталған бағыттағы қатынас жабық екендігі ескертілсе де, жолға шығып кеткен 30 көлік тұрып қалған. Қатты бұрқасын салдарынан күре жолды түгелдей қар басып қалды. Тек Көкпекті мен Жарма ауданынан шыққан техникалар арқасында жол тазартылып, көлік қозғалысы үшін қалыпқа келтірілді. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға, жолға шықпас бұрын күн райы туралы біліп, шектеу қойылған хабарламаларға назар аударуды ескертеді.

Телеканал Хабар 24