375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

СҚО-да қатты аяз: Жолдар жабылып, сабақ тоқтатылды

  • 295
  • UPD: 11:58, 06.02.2019
СҚО-да қатты аяз: Жолдар жабылып, сабақ тоқтатылды ТСН

Солтүстік Қазақстан облысында қатты аяздан жолдар жабылды.

Өңірде күн күрт суытып, сынап бағанасы 35 градусқа дейін түсіп кетті. Ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Бұл күндері төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полицейлер күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Синоптиктердің айтуынша, осы апта аймақта қатты аяз болады. Тіпті бейсенбі, жұма күні 40-42 градусқа дейін суытады деп болжанып отыр. Сондықтан мамандар адамдарға жолға шықпай, сақтық шараларына мұқяит болуға кеңес береді.

Телеканал Хабар 24