378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Астанада қала маңына қатынайтын бірқатар бағдардың қозғалысы тоқтатылды

  • 305
Астанада қала маңына қатынайтын бірқатар бағдардың қозғалысы тоқтатылды Елорда Инфо

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын №307 және №317 бағдарлардың қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана LRT-ға сілтеме жасап.

​«Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын №307 және №317 бағдарлардың қозғалысы тоқтатылды. Барынша сақ болып, үсіп қалмауды, өз сапарыңызды алдын ала ойластыруыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Қозғалыстың қалпына келтірілгендігі жайында қосымша хабарланатын болады. Қоғамдық көлікке қатысты ақпаратты Астана LRT компаниясының facebook, instagram парақшаларынан және www.alrt.kz сайтынан білуге болады.

Телеканал Хабар 24