378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

СҚО-да тұрғындарға алыс жолға шықпау ескертілді

  • 261
  • UPD: 13:28, 06.02.2019

Солтүстік Қазақстан облысында қатты аязда жолда көлігі сынып қалған тәжік азаматтары құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Ресей елінен келе жатқан жолаушыларға дер кезінде көмек көрсетіліп, жылы жерге жайғастырылды. Өңірде күн райы күрт суып, жолдар жабылды.

Дәл қазір далада -36 градус. Бет қаратпайтын аяз. Жаңа жұмысқа келе жатып өзім де тоңып қалдым. Сол себепті тікелей қосылымға шыға алмай, телефонмен хабарласып тұрмын. Ауа райының қолайсызыдыған кеше кешкі 8-де барлық бағыттағы жолдар жабылды. Құқық қорғау қызметкерлері күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Жол сақшыларының 15 экипажы жолдарда кезекшілік етіп жүр. Өйткені ел ішінде ескертуді елемейтіндер бар. Мысалы, кеше Ресейден келе жатқан 8 тәжік азаматы құтқарылды. Олардың жолда көлігі сынып қалған. Қазір жолаушылар жылы жерде, ал көліктері жөндеуде. Ал бүгін түнде Уәлиханов ауданы Көктерек ауылының маңында екі жүк көлігі қар құрсауында қалып қойған. Жүргізушілер 112 хабарласып, аудандық төтенше жағдайлар және жергілікті полиция қызметкерлері оларды тауып, жылы жерге жайғастырды. Облыс бойынша осындай 300-ден астам қабылдау орны ұйымдастырылған.

Синоптиктердің сөзіне сенсек, аяз апта бойы сақталады. Әсіресе бейсенбі, жұма күндері ауа температурасы -45 градусқа дейін төмендеп кетуі мүмкін. Бұған балалар ғана қуанып жатқан сияқты. Олар үшін бір апта демалыс. Күннің суығынан мектеп оқушыларына сабақ болмайды. Біз төтенше жағдайлар қызметкерлерінің атынан тағы бір рет ескерту жасаймыз, құрметті солтүстікқазақстандықтар, бұл күндері жолға шықпаңыздар!

Авторы: Айдарбек Айтмұхамбетұлы

Телеканал Хабар 24