378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Еліміздің алты өңірінде жолдар жабылды

  • 255
  • UPD: 13:27, 06.02.2019
Еліміздің алты өңірінде жолдар жабылды Алаш айнасы

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның алты аймағында жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астанадан барлық бағытқа жол жабылды. Қатты аяздан елорда маңындағы елді мекендерге жүретін маршруттар да тоқтады. Шығыс Қазақстанда да күн 35 градусқа дейін суытып, Омбы-Майқапшағай тасжолы жабылды. Қарлы боран Қарағанды облысындағы көліктердің қозғалысына да кедергі келтірді. Күн райының құбылуына байланысты Шығыс Қазақстанда орта мектептердің барлық сыныптарына сабақ болмайды. Павлодарда ауа температурасы 30 градусқа төмендеп, 1-9 сыныптар сабақтан босатылды. Астанадағы мектеп оқушылары мен колледжде оқитын бірінші, екінші курс студенттері де демалады.

Телеканал Хабар 24