378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

ТЖД: Қаладағы жағдай тұрақты және бақылауда

  • 338
  • UPD: 19:01, 06.02.2019
ТЖД: Қаладағы жағдай тұрақты және бақылауда Казинформ

Қаладағы жағдай тұрақты және бақылауда, деп хабарлайды Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«​Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын қала сыртына жол жүрмеуге және ауа райы күрт нашарлаған жағдайда мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырады. Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылады:

- мұқият болыңыз, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалық тақталардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

- құрылыс объектілері халықты және аумақты қолайсыз ауа райы жағдайларының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдасын; мүмкіндігінше құрылыс объектілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының қызметін шектесін.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!», – делінген хабарламада.

Телеканал Хабар 24