375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

  • 331
  • UPD: 16:34, 15.02.2019
Демалыс күндері ауа райы қандай болады? vestniksr.ru

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғып, жауын-шашын болады.

Атлантикалық циклонмен байланысты оңтүстік циклондар мен атмосфералық фронттардың әсерінен Сібір антициклонының сілемдері бұзылады, бұл Қазақстанның көптеген облысында ауа райын бұзады. Демалыс күндері және дүйсенбі күні республиканың батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар жауып, боран соғады. Батыстан күшті жел тұруы мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс облыстарда жауын-шашын, жаңбыр, дымқыл қар, көктайғақ күтілуде. Қазақстанның барлық аумағында тұман сақталады. Ауа температурасы климаттық нормадан 2...5 градусқа жоғары болады.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Телеканал Хабар 24