378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Үш облыста ескерту жарияланды

  • 292
  • UPD: 15:52, 18.02.2019
Үш облыста ескерту жарияланды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды.

Синоптиктердің хабарлауынша, 19 ақпан күні күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жауын-шашын мол жауады.

19 ақпанда Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай қаласында 19 ақпанда бұрқасын болады, жел оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы мүмкін. 19 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан cоғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с-қа жетуі ықтимал.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Телеканал Хабар 24