375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Астанадан қала маңына қатынайтын бірқатар бағдардың қозғалысы тоқтады

  • 285
  • UPD: 16:00, 18.02.2019
Астанадан қала маңына қатынайтын бірқатар бағдардың қозғалысы тоқтады elorda.info

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын бірқатар бағдардың қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Астана LRT баспасөз қызметі.

«Астана – Қарағанды тасжолының жабылуына байланысты қала маңына қатынайтын № 315, 316, 317 бағдарлардың қозғалысы тоқтатылды. Қозғалыстың қалпына келтірілгендігі жайында қосымша хабарланатын болады», – делінген хабарламада.

Қоғамдық көлікке қатысты ақпаратты Астана LRT компаниясының facebook, instagram парақшаларынан және www.alrt.kz сайтынан білуге болады.

Телеканал Хабар 24