375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Астанада қар жауып, боран соғады

  • 286
  • UPD: 16:55, 19.02.2019
Астанада қар жауып, боран соғады

Алдағы күндері елордада күн райы құбылмалы болады, қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 20 ақпанда көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады, көктайғақ болып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 9-14, кей кезде 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде және күндіз ауа температурасы -3-5°С құрайды.

21 ақпанда көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады, боран соғады. Батыстан соғатын желдің екпіні 9-14, күндіз 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -10-12°С, күндіз 5-7°С. 22 ақпанда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 5-10 м/с құрайтын жел соғады. Сынап бағанасы -12-14°С, күндіз -4-6°С көрсетеді.

Телеканал Хабар 24