375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?

  • 357
  • UPD: 12:18, 22.02.2019
Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?

23-25 ақпан күндері Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын түседі, ал басқа өңірлерде күн ашық болады. Ресейдің еуропалық бөлігінде қалың қар жаууына себепші болған белсенді циклон Батыс Сібірге қарай ығысады.

Бірақ онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарының ауа райына әсер етеді. Ал Каспий оңтүстігінен фронттардың ығысуы еліміздің оңтүстік облыстарына ықпал етіп, жексенбі және дүйсенбі күндері жауын-шашын түседі, тұман және көктайғақ болуы мүмкін. Қазақстанның қалған өңірлері атмосфералық жоғары қысым аймағында болатындықтан жауын-шашынның болуы екіталай.

Телеканал Хабар 24