375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді

  • 329
Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысы мен солтүстік-батысында тұрақсыз ауа райы болады, кей жерлерде жауын-шашын болады.

Кей жерлерде республика бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз Жарма ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді, тұман, көктайғақ күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын болады.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Телеканал Хабар 24