378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Астанада қандай мамандықтар сұранысқа ие?

  • 319
Астанада қандай мамандықтар сұранысқа ие? finance.bigmir.net

Астанада төрт мыңнан астам бос жұмыс орны бар, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Халықты жұмыспен қамту орталығының ақпаратына сәйкес, Астанада тәрбиешілер, наубайшы, аспазшы, тігінші, шаштараз, электр және газ дәнекерлеуші, сауда менеджері, кассир және даяшы мамандықтары сұранысқа ие. 

Бүгінде Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы тек сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді қайта оқыту курстарын жүргізуде. Онда жас ерекшелігіне қарамай маман иесі болам, кәсібімді өзгертем, біліктілік жинақтаймын деген кез келген азамат білім ала алады.

«Жұмыссыз азаматтарға қысқа мерзімді мамандыққа оқыту курстарын ұсынамыз. Мұндай оқыту түрі дипломы мен біліктілігі жоқ немесе өз мамандығын өзгерткісі келетін азаматтарға арналған. Таңдалған мамандыққа орай оқу ұзақтығы 1 айдан 6 айға дейін созылады» - дейді Жұмыспен қамту орталығының Кәсіптік оқыту бөлімінің басшысы Азамат Байтасов.

Айта кетейік, өткен жылы Астана қаласы бойынша 700-ге жуық азамат қайта оқыту курсын тәмамдап, оның 70 пайызы жұмысқа тұрған.

Телеканал Хабар 24