377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Алдағы тәулікте ауа райы қандай болады?

  • 284
  • UPD: 20:26, 24.02.2019
Алдағы тәулікте ауа райы қандай болады? glavred.info

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік шығыста жауын шашынсыз ауа райы болады.

Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ. Жамбыл, Түркістан, Актөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде тұман  күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының Жармин ауданында, күндіз кей жерлерінде Жамбыл облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді, желдің екпіні 28 м/с күшейеді.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Телеканал Хабар 24