389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қазақстандықтар наурызда неше күн демалады?

  • 2326
  • UPD: 09:52, 28.02.2019
Қазақстандықтар наурызда неше күн демалады? Vox Populi

Қазақстандықтар 2019 жылдың наурыз айында 14 күн демалады. Бұл туралы электронды үкімет сайты хабарлайды.

Мерекеге толы айда 17 жұмыс күні және 14 демалыс күні деп есептелінген. Көктемнің алғашқы айында тұрғындар екі айтулы мерекені атап өтеді. Алғашқысы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні биыл жұма күніне түсіп отыр. Сол себепті қазақстандықтар тағы 2 күн сенбі мен жексенбіде демалады.

Ал келесі үлкен демалыс ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде 5 күн демалатын болады.

23 наурыз сенбіге түскендіктен, дүйсенбі 25 наурыз күні де демалыс болып есептеледі.

Телеканал Хабар 24