378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Көктайғақ салдарынан елімізде үш автокөлік жолы жабылды

  • 318
  • UPD: 13:11, 04.03.2019
Көктайғақ салдарынан елімізде үш автокөлік жолы жабылды Lada.kz

Алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады.

Казгидромедтің болжамы бойынша еліміздің солтүстігі мен шығысында қар жауып, кей өңірлерде бұрқасын болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан көктайғақ күтілуде. Бүгіннің өзінде осы көктайғақ кесірінен елдімізде үш автокөлік жолы жабылды. Атап айтқанда, Қарағанды мен Ақсу-Аюлы тас жолы, Сәтпаев қаласы мен Ұлытау ауылы және Орал-Тасқала аралығындағы тасжолдар жабылған. Ал еліміздің оңтүстігінде алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады деп күтіледі.

Телеканал Хабар 24