375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Қостанайдың барлық мектептерінде сабақ болмайды

  • 277
  • UPD: 11:47, 11.03.2019
Қостанайдың барлық мектептерінде сабақ болмайды Baribar.kz

Қостанайда көктайғаққа байланысты II ауысымдағы оқушыларға сабақ болмайды.

Қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, көпқабатты үйлер мен жеке тұрғын үйлер аулалары мұз құрсауында қалған. Бұл өз кезегінде адамдарды әбігерге салып, ауыр жарақат алуына әкелуі ықтимал. Облыс орталығында бүгін түнде және таңертең жаңбыр жауып салдарынан көктайғақ пайда болды. Бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабаққа барса, 0-11 сыныптағы оқушылар үшін сабақ болмайды. Сағат 9-ға дейін жергілікті және республикалық маңызға ие бірнеше жолдар жабылған.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы

Телеканал Хабар 24