378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Алдағы демалыста елімізде күн суытады

  • 201
  • UPD: 14:27, 15.03.2019
Алдағы демалыста елімізде күн суытады

Қазгидромет 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Ауа температурасы климаттық нормадан 5...13°С жоғары аномальді жылы ауа райынан кейін Қазақстанға суық антициклон ауып келеді. Соның нәтижесінде республиканың көптеген облыстарында температура төмендейді. Бірақ антициклон кірер алдында Қазақстан арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде жауын-шашын болады. Жаңбыр, қар жауады. Жел күшейіп, түнде және күндіз тұман түседі.

Телеканал Хабар 24