378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Алдағы күндері астаналықтарды жауын-шашынсыз ауа райы күтеді

  • 175
  • UPD: 17:14, 15.03.2019
Алдағы күндері астаналықтарды жауын-шашынсыз ауа райы күтеді

Алдағы үш күнде қалада құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 16 наурызда елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Кей кезде тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -10…-12°С,  күндіз -3…-5°С құрайды.

17 наурызда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел өз бағытын шығысқа ауыстырады. Оның жылдамдығы 5-10 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде -15…-17°С, күндіз -3…-5°С көрсетеді.

18 наурызда да күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан жылдамдығы 7-12 м/с құрайтын жел соғады. Ауа температурасы түнде 9…-11°С, күндіз -1...+1°С.

Телеканал Хабар 24