378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Синоптиктер бірқатар өңірде ескерту жариялады

  • 177
  • UPD: 17:47, 16.03.2019
Синоптиктер бірқатар өңірде ескерту жариялады

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК-нің мәліметіне сәйкес, 17 наурыз күні Қызылорда облысының кейбір жерлерінде көктайғақ болады, күн күркіреп, боран соғады. Кейбір жерлерде шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 17 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында  солтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Сондай-ақ жексенбі күні Түркістан облысында оңтүстік-шығыс, шығыстан 15-20 м/с екпінде жел тұрады.

Телеканал Хабар 24