378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 249
  • UPD: 15:55, 31.03.2019
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

1 сәуір күні Жамбыл облысының кей жерлерінде жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с-тан асуы да мүмкін. Кей жерлерге тұман түседі. 1 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысына тұман түсіп, түнде көктайғақ болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерде оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін, күндіз облыс аумағының басым бөлігінде 15-20 м/с айналасында болады, екпіні 23 м/с-қа жетуі ықтимал. Петропавл қаласында 1 сәуірде түнде тұман түсіп, жел оңтүстік батыстан соғады, түнде желдің екпіні 15-20, күндіз 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Ауа райының құбылу қаупі - 90-95%.

Телеканал Хабар 24