379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Алдағы үш тәулікте еліміздің кейбір аймақтарында қар жауады

  • 152
  • UPD: 12:23, 17.04.2019
Алдағы үш тәулікте еліміздің кейбір аймақтарында қар жауады

Қазгидромет РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның оңтүстігіндегі белсенді фронттардың әсерінен алдағы үш тәулікте жаңбыр, кей жерлерде қатты жауын-шашын және найзағай күтіледі. Ал суық арктикалық атмосфералық фронттар республиканың солтүстік облыстарына жауын-шашын, жылбысқы қар, көктайғақ ала келеді. Ауа температурасы -2-10°С аязға дейін суытады. Сондықтан ауа температурасы климаттық нормадан 2-5°С төмендейді. Ал оңтүстік облыстарда ауа температурасы климаттық нормадан 2-5°С жоғары болады.

Телеканал Хабар 24