384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Айдың соңында астанада күн райы қандай болады?

  • 233
  • UPD: 13:36, 26.11.2019
Айдың соңында астанада күн райы қандай болады?

26-28 қараша аралығында ауа температурасы -5–7 градустан төмен түспейді, деп хабарлады Қазгидромет.

26 қарашада астанада көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады. Батыстан соққан жел 3-8 м/с жетеді. Сынап бағанасы түнде -12–14 градус, түнде -7–9 градус шамасында.

27 қарашада көкте түтілген шудадай жеңіл бұлт пайда болады, таң мен кеш мәурітінде қар қылаулатуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -15—17 градус, күндіз -5–7 градус деңгейінде орнайды.

28 қарашада аспанды ақша бұлт торлайды, сәйкесінше жауын-шашын түспейді. Оңтүстік-батыстан күші 9-14 м/с жететін жел соғады. Термометр тілі түнде -11–13, күндіз -5–7 градус суықты көрсетеді.

Аударған: Н.Т

Другие материалы в этой категории: « 10-12 қазанға арналған ауа райы болжамы
Телеканал Хабар 24