379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қытай Канаданың рапс дақылын алудан айнып қалды

  • 125
  • UPD: 08:47, 27.03.2019
Қытай Канаданың рапс дақылын алудан айнып қалды

Қытай Канада рапсын сатып алудан айнып қалды. Huawei компаниясының Канададағы қаржы директоры қамауға алынғаннан кейін екі елдің арасындағы жағдай ұшығып кетті.

Солтүстік Америкадағы мемлекеттің барлық рапс өндірушілері экспорттауды тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл жайында Канаданың рапс жөніндегі кеңесі мәлімдеді. Былтыр екі елдің бұл саладағы әріптестігі 2 миллиард долларды құраған. Алайда биыл наурызда Қытайдың Бас кедендік басқармасы рапс дәнінен «зиянкестер» тауып, импортты тоқтатты. Ал Қазақстан бидайын экспорттайтын компаниялар үшін жақсы жаңалық. Еліміздегі 105 элеватор Қытайға бидай экспорттайтын құқығы бар кәсіпорындар тізіміне енді. Бұл туралы ауалшаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева айтты. Бұрын бидайды шығыс көршімізге сатып келген Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының қатарына Павлодар қосылды. Демек, отандық алтын дәнді молынан саудалауға жол ашылып келеді.

Гүлмира Исаева, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Біз тағы екі облыстың бекітілгенін күтіп отырмыз. Бұл Ақтөбе мен Шығыс Қазақстан облыстары. Яғни Қазақстанның астық өсіретін барлық өңірлері өз өнімдерін Қытайға экспорттауға мүмкіндік алады.

Телеканал Хабар 24