379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Алматы облысы Жамбыл ауданы 500 тонна сиыр етін экспорттауды жоспарлады

  • 296
  • UPD: 17:12, 27.03.2019

Алматы облысының Жамбыл ауданы биыл 500 тонна сиыр етін шетелге экспортқа шығаруды көздеп отыр. Жоспарды орындауда ірі шаруашылықтарға үміт артылған. Қазір ауданда 3 мың басқа дейін ірі қара ұстап отырған 5 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр.

Кәсіпкер Асқар Райқұлов 2017 жылдан бастап ет өндірісімен айналысып келеді. Алғашында 1500 бас ірі қара бордақыласа, былтыр 3 мың бас бұқаны етке өткізген.

Асқар Райқұлов, шаруашылық директоры:

- 2018 жылы біз 262 тонна етті өзіміздің ішкі нарыққа тапсырдық. 50 тонна етті экспортқа Қырғызстанға өткіздік. Енді 2019 жыл жаңадан басталды. Біздің жоспрымыз бойынша енді 500 тоннаға дейін жалпы етті өткіземіз деп отырмыз. Оның 150 тоннасын экспортқа тапсырамыз деген жоспарымыз бар.

Шаруашылық ата кәсіпті ғылыммен ұштастыру мақсатында шетелден кеңесші алдыртқан. Білікті маманның негізгі қағидасы – бордақылау технологиясын бұлжытпай сақтау. Бұған қоса малға қажетті микро-макро элементтердің барлығы есептеп беріледі. Соның арқасында кейбір бұқалар тәулігіне 2 мың грамнан астам салмақ қосады.

Ұлан Нарынбек, тілші:

- Мал бордақылаудың тағы бір әдісі су 24 сағат бойы үзілмеуі керек. Мысалға, мына автоматтағы суаттағы судың температурасы қысы-жазы +5 градус болып тұрады. 

Жем-шөп өзіңнен болмайынша жақсы табыс табу қиын. Сондықтан кәсіпкер биыл егіс алқабы мен шабындықты ұлғайтуды көздеп отыр. Ет өндірушілерге мемлекеттік субсидия да көп көмегін тигізіп келеді. 

Асқар Райқұлов, шаруашылық директоры:

- Бұрын малдың басына беретін. Енді 18-жылдың қыркүйек айында жаңа ереже шықты. Сол ереже бойынша енді әр килограмм привеске береді. Мысалы, мен 250 килограмдық бұқаны 400 килограмға жеткізссем 150 килограмм привеске маған әр килограмына 200 теңгеден субсидия беріледі.

Жамбыл ауданы мал өсіруге жайлы жер. Мұнда 90 мыңға жуық ірі қара және 700 мыңға жуық қой бар. Бұл аудан мал санынан Алматы облысы бойынша бірінші орында келеді. 

Нұржан Шадиров, Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- 2018 жылы біз енді ірі қарадан шетелге ет өткізгеннен жоспар беріледі ғой. Сол жоспар 130 тонна болған Жамбыл ауданына берілген. 130 тоннаның біз 185 тоннасын өткіздік. Планды асыра орындадық.

Биылғы меже бұдан да биік. Аудандағы фермерлер жыл соңына дейін 500 тонна етті шетелге экспорттауы тиіс. Қазір ауданда ет өңдейтін заманауи комбинат салынып жатыр. Оның құрылысы аяқталса экспортталатын еттің көлемі бұдан да артады дейді мамандар.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Сержан Жұмабаев

Телеканал Хабар 24