384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


ЕАЭО-ға мүше елдерден импортталатын тауардың қосымша құн салығы артты

  • 513
  • UPD: 23:05, 06.04.2019
ЕАЭО-ға мүше елдерден импортталатын тауардың қосымша құн салығы артты

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келетін импорттан түсер қосымша құн салығы артты.

Қаңтар-ақпан айларында Батыс Қазақстан облысындағы түсім 230 миллион теңгеге жуықтады. Бұл екі ел арасындағы өткізу-бақылау пункттерінде тауар айналымына мониторинг орнатудың нәтижесі. Осы мерзімде 17 мың жүк көлігі құжаттарының көшірмесі алынған. Осындай экспорттық бақылаудың арқасында елге келетін және шетке шығатын өнім көлемі нақтыланып отыр. Мониторинг барысында экспорттауға уақытша шектеу қойылған тауарларды өткізудің 18 әрекеті анықталды. Оның 17-сі қара және түсті металдарға, біреуі қағаз макулатурасына қатысты. Көп жағдайда импорттаушылардың ілеспе құжаттарындағы реквизиттерінің дұрыс көрсетілмеуі қиындық келтіреді екен.

Исатай Нысанбаев, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

- Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер комитетімен шекара бекетінде экспортты анықтау, қызметкерлердің жұмыс орнын техникалық жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде салық міндеттемелерін өз дәрежесінде орындамаған салық төлеушілерді анықтап, заң шеңберінде жауапкершілікке тартуға жағдай жасалады.

Телеканал Хабар 24