378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Еліміздің Қытаймен шекаралық әріптестігі артады

  • 138
  • UPD: 09:16, 26.04.2019
Еліміздің Қытаймен шекаралық әріптестігі артады

«Бір белдеу, бір жол» халықаралық жобасының шеңберінде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда әріптестігі кеңейеді.

Бұл ретте Қорғас трансшекаралық  еркін сауда  орталығының атқарар ролі еселене түспек. Іске қосылған сәттен бастап жеті жылдың ішінде қос елден 24 миллион турист 40 миллиард юаньнің саудасын қыздырған. Айта кетерлігі, Қорғас әлемдегі алғашқы еркін сауда орталығы саналады. 528 гектар аумақты алатын орталықтың үштен бір бөлігі Қазақстанға тиесілі. Мұндағы алыс-беріс баж салығынсыз, яғни Дюти фри негізінде жүргізіледі. Бұдан бөлек қос елдің азаматтары орталық аумағына жеке паспорт немесе иммиграциялық рұқсатнамамен кіре алады. Жалпы «Бір белдеу, бір жол» бастамасын кеңейту кәсіпкерлерді іс басына көптеп тартуға жол ашты. Бүгінде Қорғас трансшекаралық орталықта 5 мыңнан астам Қытай және Қазақстан компаниялары жұмыс істейді.

Лю Хэ, кәсіпкер: 

- Осы жерде ісімізді дөңгелетіп отырмыз. Міне бесінші дүкен аштық. Қараша айынан бері онлайн-сауданы іске қосып, сауда айналымын 60 процентке ұлғайттық.  Электронды коммерцияның  жеке платформасын да аштық, онда Қазақстан мен Қытайдан миллионнан астам адам тіркелген. Сол арқылы күнделікті 800 мың юаньнің тапсырысын қабылдап жатқан жайымыз бар.

Телеканал Хабар 24