378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Транскаспий бағытының бәсекеге қабілетін арттыру мәселесі шешіліп жатыр

  • 132
  • UPD: 12:35, 26.04.2019

Шығыстан Батысқа тауар тасу қарқыны үдей түсті. Жүк тасымалының көлемі ай сайын артуда.

Бұған Қазақстан, Әзербайжан, Грузия мен Түркияның өзара бірлесіп, Транскаспий бағытын жетілдіруі себеп болды. Бүгінде теңізаралық тасымалдау бағыты «Бір белдеу, бір жол» жобасының маңызды бөлігіне айналған.

Қазақстан мен Әзербайжан бірігіп, Каспийаралық бағыт бойынша жүк тасымалының логистикасын дамытуға күш салды. Атап айтқанда, қос тарап теңіздегі және жағадағы көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға атсалысты. Нәтижесінде Қытайдан жеткізілетін тауар Еуропаға ешбір кідіріссіз жөнелтіледі. Көлік-логистикалық бағыт Азия мен Кәрі құрлық компаниялары үшін аса тартымды.

Айдын Гусейнов, парламент депутаты:

- Қытай, Орталық және Шығыс Азияға Әзірбайжан кәсіпкерлері Қазақстан арқылы жол тартады. Қазіргі таңда Каспий Шығыс пен Батысты біріктіретін аймақтық -логистикалық хабқа айналды. Сондықтан Қазақстанның Әзербайжанмен арадағы көліктік жобалары тұтас Еуразия аймағы үшін маңызды. Жүк тасымалының әлеуеті жылына 15 миллион тоннаға жетуге мүмкіндік береді. Болашақта оны 25 миллионға жеткізу жоспарда бар.

Биылғы жылдың алғашқы үш айында жүк тасымалының көлемі былтырғының бірінші тоқсанымен салыстырғанда үш есеге өскен. Сондай-ақ Баку-Құрық-Баку бағытымен жүретін поез вагондарының саны артып, 53 процентке ұлғайған. Ал, транскаспий бағыты арқылы тауарды контейнерлермен тасу 3 есеге өсті.

Вугар Байрамов, экономист:

- Бүгінгі таңда Әзербайжан арқылы өтетін жүктің 90 проценті  транзиттік саналады. Оның ішіндегі Қазақстан арқылы өтетіндердің үлесі қомақты. Логистиканың үнемі жаңарып, инфрақұрылымның жаңғыруы «Бір белдеу, бір жол» жобасының әлеуетін арттыратыны белгілі. Шығыстан Батысқа, Батыстан Шығысқа жіберілетін жүк ағынының ұлғаятыны анық.  Себебі, компаниялар үшін мұндағы тасымал тарифі анағүрлым тиімді. 

Транскаспий бағытының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі біртіндеп шешіліп жатыр. Ең алдымен, бұл Қазақстан, Әзербайжан, және Грузиямен арадағы біріңғай тарифті енгізуге қатысты болмақ. Тараптар тауар тасымалының көлемін биыл 7 миллион тоннаға жеткізуді көздейді.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Телеканал Хабар 24