379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық артып келеді

  • 85
  • UPD: 12:00, 26.04.2019
Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық артып келеді

Жаңа Жібек жолы арқасында Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық аясы кеңейіп жүр.

Германияның басты теміржол тасымалдаушы компаниясы «Дойче бан» «Бір белдеу, бір жол» жобасындағы Қазақстанның орнын жоғары бағалап отыр. Компанияның Еуразияда бизнес дамыту бойынша аға вице-президенті Уве Лойшнердің пікірінше, еліміздің көлік-тасымал саласындағы әлеуеті зор. Қазақстанда жүк тасымалы қарқынды дамып, жаңа теміржол хабтары мен теңіз айлақтары салынып жатыр. Неміс маманы Қорғас құрғақ айлағының маңызын ерекше атап кетті. 

Уве Лойшнер, Еуразияда бизнес дамыту бойынша Deutsche Bahn компаниясының аға вице-президенті:

- 2019 жылы Қытай мен Германия арасында Жаңа Жібек Жолымен 100 мыңнан аса контейнер жіберуді көздеп отырмыз. Сол себептен бұл біз үшін маңызды жоба, ал Қазақстан негізгі серіктесіміз. Елдеріңіздің зор әлеуеті бар және оны сәтті жүзеге асыруда. Осының айқын дәлелі Қорғас. Теміржол байланысын жақсартуымыз керек, алдағы жылдары жүк жеткізу мерзімін 14 күннен 10 күнге дейін қысқартып, тасымал құнын арзандатуға тырысамыз. Блокчейн секілді жаңа технологияларды енгізу алға басуымызға көмек береді.

Телеканал Хабар 24