378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елімізге Венгриядан 40 млн доллар тікелей инвестиция тартылған

  • 156
  • UPD: 23:38, 29.04.2019
Елімізге Венгриядан 40 млн доллар тікелей инвестиция тартылған

Биыл Қазақстан мен Венгрияның серіктестік орнатқанына бес жыл, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы орайда елордада қос тараптың стратегиялық кеңесінің үшінші отырысы өтті. Еліміздің сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Венгрия қаржы министрі Михая Варги төрағалық еткен шарада екіжақты әріптестік мәселесі жан-жақты талқыланды. Әсіресе сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікке зор көңіл бөлінетіні айтылды. Елімізге Венгрия тарапынан 40 млн доллар тікелей инвестиция тартылған. Осы арқылы бірқатар маңызды нысан бой көтеруде. Бүгінде Нұр-Сұлтан-Будапешт бағытындағы әуе қатынасы да сәтті жүзеге асып келеді. Ал «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «Keler Group» компаниясының өзара байланысы айрықша қызметтер жүргізуге мүмкіндік беруі тиіс. Тараптар алдағы уақытта төртінші отырысты өткізуге уағдаласты.

Телеканал Хабар 24