379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ереванда Еуразиялық экономикалық комиссияның мәжілісі өтті

  • 121
  • UPD: 22:38, 30.04.2019

Басқосуда одаққа мүше елдердің премьер-министрлері 13 мәселені талқыға салды.

Оның ішінде экономиканы цифрландыруға  ерекше көңіл бөлінген. Айта кетерлігі, Еуразиялық экономикалық одаққа биыл Армения төрағалық етіп жатыр.

Ереванда Одаққа мүше 5 елдің үкімет басшысы өзекті мәселелерді талқыға салды. Өндірістік кооперация, технология трансфері және ортақ нарықтағы бөгеттерді алып тастау.  Премьерлер Еуразиялық экономикалық одақ аясында интернет сауданы дамытуды қолға алу керектігін алға тартты.

Тигран Саркисян, Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының төрағасы:

- Бүгін күн тақырыбында болған 13 тақырыптың түгелі бойынша келісімге жеткенімізді баяндап отырмыз.

 Одаққа мүше елдер бірлескен жобаларды қолға алып, өндірістік кооперация ауқымын еңейтуді көздеп отыр. Оны бәсекеге қабілетті етіп, тиімділігін арттыру үшін субконтрактинг  жүйесі сепітігін тигізуі тиіс. Бұл қадам ірі компаниялардың жобаларына шағын және орта бизнесті тартып, технологиялар трансфері арқасында инновацияларды ынталандыруы керек. Мәжіліс барысында Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин бірқатар ұсыныс жасады. 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Өткен жылы өзара сауда көлемі 9,2% өскен. Өзге елдермен сыртқы саудамыз 18,8% артты. Осы қарқынмызды биыл да сақтау үшін еңбек етуіміз қажет. Дегенмен бірлесіп белсенді атқарып жүрген жұмысымызға қарамастан, өзара саудадағы бөгеттер мәселесі шешілген жоқ. Осы кедергілерді алып тастауға бағытталған әрекетімізді күшейтуміз керек. Бұл өзара сауда көлемін арттыруға және елдеріміз арасында экономикалық байланыстардың нығаюына мүмкіндік береді.

Мәжіліс қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылды. Еуразиялық интеграцияны одан әрі дамыту мәселелері енді 29 мамырда Нұр-Сұлтанда өтетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет басшыларының саммитінде қарастырылмақ. 

Авторлары: Лаура Жусупбекова, Тигран Галстян

Телеканал Хабар 24