378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Грекия Германиядан өтемақы талап етпек

  • 216
  • UPD: 18:14, 18.04.2019

Грекия Германиядан Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде елге келтірілген шығын үшін өтемақы талап етпекші.

Себебі грек парламенті Алексис Ципрас үкіметінің бастамасын қолдаған қарар қабылдады. Енді премьер-министр осы талаптарды негізге алып, Берлинге ресми хат жолдамақ. Ал парламент Германияның елге келтірген шығын көлемін 270 миллиард еуро деп есептеді. Себебі 1941-44-жылдар аралығында 300 мың грек қаза тауып, фашистік Германияға 476 миллион рейхсмарка төленген. Бірақ ресми Берлин 1990 жылғы «2+4» келісіміне сүйеніп, репарация мәселесі толығымен шешілгенін айтады. Ол бойынша Германия Грекияға 115 миллион марка төлеген.

Телеканал Хабар 24