379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Украинада Порошенко мен Зеленский арасындағы пікірталас басталады

  • 164
  • UPD: 22:22, 19.04.2019

Украинадағы ең ауқымды футбол алаңы «Олимпийскиде» қазіргі президент Петр Порошенко мен кандидат Владимир Зеленский пікірталасқа түседі.

Саяси дода тікелей эфир арқылы көрсетіледі. Президенттік сайлаудың финалистері Украинаның болашағы, экономикасы, сосын шығыстағы шиеленіс төңірегінде ой жарыстырады. Дауыс берудің соңғы, қорытынды кезеңі 21 сәуір күні өтеді. Бүгінде Киевте пікірталасқа қызу дайындық басталып кеткен. Петр Порошенко Туиттердегі парақшасында өз жақтастарын стадионның фан-алаңына келуге шақырып, жазба қалдырды.

БЛИЦ:

- Мен пікірталасты көру үшін футбол алаңына барамын. Екі тараптан да маңызды ұсыныстар түседі деп ойлаймын. Саяси доданы көріп, бағасын береміз.

- Бұл кәсіби деңгейдегі пікірталас емес. Барып тұрған қойылым. Мұндай келіссөзде елдің даму жолы талқылануы керек. Бірақ бүгінгі пікірталасты оны ести қоюымыз екіталай.

Телеканал Хабар 24