378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Шри-Ланкада терактіден қаза тапқандар саны 207 адамға жетті

  • 296
  • UPD: 19:51, 21.04.2019

Шри-Ланкада болған теракт салдарынан қаза тапқандар саны 207-ге жетті.

Тағы 500-ге жуық тұрғын жарақат алды. Лаңкестер ел астанасы Коломбо қаласындағы 1 католик шіркеуі мен 3 қонақ үйді және Негомбо шаһарындағы 2 шіркеуді нысанаға алған. Жергілікті ақапарат құралдары түс ауа елде тағы екі жарылыс болғанын жазды. Оның бірі хайуанаттар бағы маңында, екіншісі тұрғын үйлердің жанында ұйымдастырылған. Билік алғашқы терактілерден кейін елде коменданттық сағат енгізді. Шри-Ланка полициясы лаңкестік әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен 7 адамды қамауға алды. Айта кетейік, жарылыстар Пасха мерекесіне орай адамдардың шіркеуге көп жиналған кезінде жасалған. Біздің елдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың хабарлауынша, қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында қазақстандықтар жоқ.

Телеканал Хабар 24