378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Шри-Ланкадағы теракт – Крайстчерчте болған қанды қырғын үшін кек алу

  • 194
  • UPD: 17:55, 23.04.2019
Шри-Ланкадағы теракт – Крайстчерчте болған қанды қырғын үшін кек алу

Шри-Ланкадағы лаңкестік әрекет осындан бір ай бұрын Жаңа Зеландияда қаза тапқан мұсылмандар үшін кек алу актісі саналады.

Бұл туралы Шри-Ланканың қорғаныс және ақпарат министрі мәлімдеді. Бүгінде содырлар қолынан қаза тапқандардың саны 320-дан асты. 480 адам жарақат алған. Мәлім болғандай, ел үкіметі қайтыс болғандардың отбасыларына 6 мың доллар көлемінде өтемақы төлейтін болады.

Естеріңізге сала кетсек, жексенбі күні содырлар бір мезетте ғибадатханалар мен қонақ үйлерде 6 жарылыс ұйымдастырған. Бірнеше сағаттан соң Коломбо қаласының маңында тағы екі  рет шабуыл жасалды. Жантүршігерлік қылмысқа «Джамаат ат-Таухид аль-Ватания» радикалды тобы жуапты. Мәлім болғандай, содырлардың қатарында көп адам болған. Қазір 40 адам қолға түскен. Оқиғаға байланысты сәуірдің 23-інен бастап Шри-Ланкада төтенше жағдай жарияланды.

Телеканал Хабар 24