378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Марста сілкініс болды

  • 309
  • UPD: 23:07, 24.04.2019

Француз ғалымдары алғаш рет Марстың сілкінуін жазып алды. Қызыл ғаламшарда зілзала сәуірдің 6-сы күні тіркелген.

Мамандардың айтуынша, тербеліс америкалық «Апполон» ғарыш кемесі Айға қонған кездегідей әлсіз болған. Сондай-ақ алынған мәлімет Марсты зерттеуге септігін тигізеді дейді.

Айта кетейік, Марстың сілкінісін анықтайтын құрал өткен жылы желтоқсан айында НАСА-ның Insight аппаратымен орнатылған еді. Ол қызыл ғаламшарға қараша айында барып қонған.

Телеканал Хабар 24