378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ким Чен Ын Ресейге келді

  • 218
  • UPD: 23:05, 24.04.2019

Корей халық демократиялық республикасының көшбасшысы Ким Чен Ын брондальған поезбен Ресейге жетті.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Солтүстік Корея басшысы мінген поез Уссурийсктен өтіп, Владивостокка қарай бет алды. Поез қозғалысы кезінде станса күзетшілері теміржолға ешкімді жолатпады. Алайда Ким Чен Ын поезі Уссурийскіге кірмей, айналма жолмен арықарай кетті. Бұған дейін Ресей Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков 25 сәуір күні Владимир Путин Владивостокта Ким Чен Ынмен келіссөз жүргізетінін хабарлаған. Айта кетерлігі, бұл Солтүстік Корея басшысының Ресейге тұңғыш сапары.

Телеканал Хабар 24