378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Boeing 1 млрд доллар шығынға ұшырауы мүмкін

  • 169
  • UPD: 15:54, 26.04.2019
Boeing 1 млрд доллар шығынға ұшырауы мүмкін

Boeing компаниясы 737 МАХ ұшағын пайдаланудың тоқтатылуынан 1 милллиард доллар шығынға ұшырауы мүмкін.

Бұл туралы бірлестік басшылығы компания акционерлеріне берген есебінде жариялады. Бірақ сарапшылар бірлестіктің шығыны кем дегенде 3 миллиард доллар болуы тиіс дегенді айтады. 

Еске сала кетейік, наурыздың 10-ы күні Эфиопияда Boeing 737 МАХ ұшағы апатқа ұшырап, 157 адам қаза тапты. Тергеу барысында оқиғаның былтыр қазан айында Индонезиядағы ұшақ апатымен ұқсастығы анықталған еді. Осыған байланысты әлемнің көптеген елі 737 МАХ ұшағын пайдалануды тоқтатты. 

Телеканал Хабар 24