378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Оттавада төтенше жағдай енгізілді

  • 139
  • UPD: 17:37, 27.04.2019
Оттавада төтенше жағдай енгізілді

Канаданың бас қаласы Оттавада төтенше жағдай енгізілді. Бұған тоқтаусыз жауын мен өзен суының көтерілуі себеп.

Қала мэрі Джим Уотсонның айтуынша, табиғаттың тосын мінезі тұрғындарға қатер төндіруі мүмкін. Бұл туралы ол өзінің твиттер парақшасында жазып, төтенше жағдай енгізетінін жариялады. Сондай-ақ Оттава мэрі еріктілерді тиісті қызметтер мен әскерилерге жәрдемдесуге шақырды. Айта кетерлігі, жуық арада Оттавадағы жауын-шашын мөлшері 25-35 миллиметрге дейін жетуі мүмкін.

Телеканал Хабар 24