378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Шри-Ланкада террористермен қақтығыстан 15 адам қаза тапты

  • 99
  • UPD: 18:32, 27.04.2019
Шри-Ланкада террористермен қақтығыстан 15 адам қаза тапты

Шри-Ланкада лаңкестікке қарсы операция кезінде полиция содырлармен қақтығысып, 15 адам мерт болды.

Олардың алтауы бұғанасы қатпаған бала. Оқиға Калмунай қаласында болған. Қауіпсіздік күштері бір үйді тексеруге келгенде лаңкестер үш бомба жарып, арада атыс басталған. 2 содырдың көзі жойылды. Тағы бір осындай рейд барысында Ирак және Левант лаңкестік ұйымының туын тапты. Полицияның хабарлауынша, жексенбі күнгі жарылыстарды ұйымдастырған жанкештілер осы жалауды ұстап мәлімдеме жасаған. Еске сала кетейік, сәуірдің 20-сы күні Шри-Ланкада 3 шіркеу мен 4 қонақ үйде жарылыс болып, 253 адам қаза тапты. Тағы 500-ге жуық адам жарақат алды. Билік лаңкестікті «Джамаат ат-Таухид аль-Ватания» ұйымы жасады деп отыр. Бірақ бұл терактті «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» мойнына алған. Қазір елде лаңкестікке қарсы операция жүріп жатыр. 80-ге жуық адам ұсталған.

Телеканал Хабар 24