378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Канадада нөсер мен тасқынға байланысты төтенше жағдай енгізілді

  • 124
  • UPD: 07:37, 28.04.2019
Канадада нөсер мен тасқынға байланысты төтенше жағдай енгізілді РБК-Украина

Канаданың Монреаль мен Оттава қаласында нөсер мен су тасқынына байланысты төтенше жағдай енгізілді.

Жауын мен қардың еруінен мекендерді су басып, өзендер тасуда. Әсіресе Оттава қаласына төнген қауіп көп. Жергілікті билік көктемгі сел осы аудандағы гидроэлектрстанция бөгетін бұзып кете ме деп алаңдаулы. Өткен жылы осындай көктемгі су тасқынынан Онтарио мен Квебек провинцияларына 150 милллион доллар шығын келген еді. Қазірдің өзінде тасқыннан 5 мың үй бүлініп, мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған.

Телеканал Хабар 24