378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Швецияда ұшқыштар жаппай ереуіл жариялады

  • 141
  • UPD: 07:39, 28.04.2019
Швецияда ұшқыштар жаппай ереуіл жариялады EADaily

«Скандинавиялық әуе жолдары» компаниясының ұшқыштары жаппай ереуілге шықты.

Даниялық, норвегиялық және швециялық мамандар еңбекақы көлемін көтеріп, жұмыс кестесін өзгертуді талап етіп жатыр. Осыған байланысты компанияның 70-тен астам рейсі кейінге шегерілді. Ереуілден 170 мың жолаушы зардап шегуі мүмкін. Ал бірлестік басшылығы ұшқыштардың талап етіп отырған жалақы көлемі тым көп дегенді айтады. Бұған дейін тараптар келіссөз жүргізіп, ешқандай келісімге келе алмады. Ал сарапшылардың айтуынша, наразылық акциясынан компанияға күн сайын 3 жарым миллион еуро шығын келеді.

Телеканал Хабар 24