378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


АҚШ-тағы синагогада атыс болды

  • 133
  • UPD: 13:13, 28.04.2019
АҚШ-тағы синагогада атыс болды Голос Америки

АҚШ-тың Поуэй қаласындағы синагогада атыс болып, 1 адам қаза тапты.

Тағы 3 тұрғын жарақат алды. Оқиға жергілікті уақытпен таңғы 11 жарым шамасында болды. Жартылай автоматты винтовкамен қаруланған жас жігіт синагогаға кіріп, адамдарға оқ жаудырған. Бұл кезде еврей ұлтының өкілдері Пасха мерекесін атап өтіп жатқан еді. Осыдан кейін қылмыскер көлікке отырып оқиға орнынан қашып кеткен. Бірақ көп ұзамай қолға түсті. Қылмыскер 19 жастағы Сан-Диего қаласының тұрғыны болып шықты. Жергілікті билік шабуыл еврейлерге деген өшпенділіктен жасалғанын айтады. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Телеканал Хабар 24