378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ливиядағы әскери қимылдар 1 айға жуық уақыттан бері тыйылмай тұр

  • 164
  • UPD: 12:57, 29.04.2019
Ливиядағы әскери қимылдар 1 айға жуық уақыттан бері тыйылмай тұр

Ливиядағы Халифа Хафтар армиясының әскері мен Ұлттық келісім үкіметі арасындағы қақтығыс әлі де басылар емес.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Триполидің оңтүстігіндегі Айн-Зара ауданында Ұлттық келісім үкіметінің жасағы Хафтар әскерін ығыстыра алды. Басқа аймақтарда жағдай ушығып тұр. Халифа Хафтар әскері шаһардың халықаралық әуежайын басып алмақ ниетте.

Айта кетейік, сәуірдің 4-і күні басталған ұрыс салдарынан үш жүзге жуық адам қаза тапты. 1 мың 300-ден астам тұрғын жарақат алды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Елдегі атыс-шабыс салдарынан 32 мыңнан астам адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды.

Телеканал Хабар 24